Инвестициялық жобалар импортқа тәуелділікті азайтты

1016

Биыл "Бәйтерек" холдингі желісі бойынша агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық жобаларына 63 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-Министрі Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инвестициялық жобалар импортқа тәуелділікті азайтты

"Осы жылы холдинг ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға шамамен 400 млрд теңге жұмсады", – деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асырудың нәтижесінде импортқа тәуелділік жылына 15%-ға азайды. 

"Сүт өнімдері бойынша отандық өндіріс 51,4%-дан 70%-ға дейін ұлғайды. Шұжық өнімдері бойынша жылына 60,5%-дан 70%-ға дейін ал құс еті бойынша 58%-дан 75%-ға өсті. Нарықты отандық алмамен қамтамасыз ету 73%-дан 80%-ға дейін қант өндірісі 31,1%-дан 60%-ға дейін артты. Балық өсіру көлемі 4 мың тоннаға көбейді. Өсім жылына 30%-ды құрады", – деді Асқар Мамин.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу