Инвестицияның 2,9 пайызы Ақмола облысына тиесілі

920

Инвестицияның 2,9 пайызы Ақмола облысына тиесілі

Ақмола облысында 2017 жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 115929,4 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10,9% артық. Инвестицияның республикалық көлемінде Ақмола облысының үлесі 2,9% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың едәуір бөлігін кәсіпорындардың меншікті қаражаты (45,9%) алады. Есепті кезеңде инвестициялардың жалпы көлемінде бюджеттік қаражаттың үлесі 35,7%, банктердің кредиттері – 7,5%, басқа да қарыз қаражаты – 10,9% құрады.

Шығын түрлері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына 65,3% келеді, машиналар, жабдықтар, көлік, құрал-саймандарды сатып алу және құрделі жөндеуге – 31,3%, өзге де шығындарға – 3,4%.

Инвестициялардың ең үлкен көлемі өнеркәсіпке (үлесі инвестициялардың жалпы көлемінде 23,4% құрады), көлік және қоймалауға (21,9%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (21,3%), ауыл, орман және балық шаруашылығына (17,5%) бағытталды.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде  облыс бойынша негізгі капиталға салынған ішкі инвестициялар 109424,3 млн теңге, сыртқы – 6505,1 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу