Инвестицияның өсу қарқыны 14%-ды құрады

896

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев құрылыс саласына салынған инвестиция қанша есе артқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инвестицияның өсу қарқыны 14%-ды құрады

"Ішкі және сыртқы инвестиция тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып  қалып отыр. Бұл ретте өндіруші емес салалар инвестиция бойынша тартымды бағыт болып сақталуда. Биылғы 10 айда негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқыны 2,5%-ды, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда инвестицияның өсу қарқыны 14%-ды құрады", – деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің мәлімдеуінше, құрылыс саласында инвестиция – 2,2, өңдеу өнеркәсібінде – 78,6%, ауыл шаруашылығында – 41,9% саудада – 31,4%, жылжымайтын мүлікпен операция саласында – 17,4%, қаржы саласында – 12,1% өскен.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу