Инвестициясы 2,8 млрд теңге болатын 2 жобаны жаңғырту жоспарланып отыр

965

ИИДМ баспасөз қызметі қаңтар айындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштерді жариялады. 

Инвестициясы 2,8 млрд теңге болатын 2 жобаны жаңғырту жоспарланып отыр

Өткен айда өндіріс көлемі 8,7% өскен. Оның ішінде тоқыма бұйымдары өндірісінде – 8,7%, киім-кешек өндірісінде –м5,2%, сондай-ақ былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 5,9% өсім бар.

Министрлік көрсеткішке 2015-2019 жылдары Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 19 млрд теңгені құрайтын 22 жобаның іске қосылуы әсер етті деп отыр.

"1732 жұмыс орны ашылды. Жеңіл өнеркәсіп өндірісі көлемі 2015 жылы 71,6 млрд теңге болса, 2019 жылы ол 112,7 млрд теңгеге жетті",– делінген хабарламада.

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер 6,6 млрд теңге сомасында 30 жеңіл өнеркәсіп жобасын мақұлдаған.

Ведомтво берген ақпаратқа сүйенсек, биыл "Назар Текстиль" ЖШС-нің синтетикалық иірімжіп өндірісін және "Семирамида" тігін фирмасы" ЖШС-нің өндірісін жаңғырту және жейде өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. Олардың жалпы инвестиция сомасы – 2,8 млрд теңге. Сондай-ақ 600 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу