Бүгін Астана қаласында сарапшылар, Жоғары сот пен мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы, инвестициялық қоғам мен ҚР бизнес ортасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды "Kazakh Invest" компаниясының баспасөз қызметі.
"Қазіргі уақытта инвесторларда құқық қолдану практикасы, ведомстволылықты және инвестициялық даулардың қылмыстылығын шектеу бойынша мәселелер туындап отыр. Бүгінгі таңда инвесторлармен өткізілген талдау мен диалогты есепке алып бірқатар бастамаларды талқылағымыз келеді. Атап айтқанда қылмыстылықты анықтау, "инвестициялық дау" түсінігін кеңейту, инвестициялық дауларды апелляциялық қарастыру мүмкіндігін беру" - деді дөңгелек үстел барысында "Kazakh Invest" меңгеруші директоры Әсел Сүгірбаева атап кетті.
Қазіргі уақытта Жоғары соттың мамандандырылған алқа соты Ж.Б.Ермағамбетова атап кеткендей, Жоғары сот халықтың сот жүйесіне сенімін арттыру, мөлдірлікті қамтамасыз ету және өзара әрекет етуге ашықтық үшін барлық шараларды қабылдайды, оның ішінде диалогқа жария қол жеткізу және тіке хабарласу мүмкіндігін беру жолымен жасалады. Қазіргі уақытта Әкімшілік процессуалдық процестің қабылдануы болжанып отыр, оған дөңгелек үстелде аталған сот жүргізу мәселелері де қосылатын болады.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша "Kazakh Invest" алаңында заңнамалық бастамалар қалыптастыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді және инвестициялық климатты жақсарту мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қатысты бірыңғай ұсынымдар қалыптастырылды.