Инвесторға қандай талап қойылады?

916

"Қазпошта" АҚ-ны сатып алудың шарты жарияланды.  

Инвесторға қандай талап қойылады?

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев еліміздегі пошта байланысының ұлттық операторы – "Қазпошта" АҚ-ны  сатып алғысы келетін инвесторға қандай талап қойылатынын мәлімдеді.

Ол "Қазпошта" АҚ қор портфеліндегі өте маңызды актив екенін тілге тиек етіп, оны сату кезіндегі стратегиялық бағыт-бағдарды айқындау үшін кеңесші ретінде KPMJ халықаралық компаниясының көмегіне жүгінгендерін жеткізді.

"Халықаралық компания ІРО бизнесінің ауқымын ескере отырып, стратегиялық инвестор тартуға кеңес берді. Инвестор бизнестің салалық профиліне, логистикалық жұмысына инвестиция салуға кепілдік беруге тиіс деді халықаралық компанияның өкілдері. Сонымен қатар инвесторға "Қазпоштаға" мемлекеттік бағдарламалар аясында жүктелетін үкіметтің міндеттемелерін толық орындау міндетін жүктеуді нақталады", – деді Алмасадам Сатқалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу