Инвесторлар айыппұл көлемінің көптігіне шағымданып жатыр

715

Инвесторлар барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде әлеуметтік төлемдер мен шығындардан босатылады. 

Инвесторлар айыппұл көлемінің көптігіне шағымданып жатыр

Қазақстанның экологиясына келтірілген залал үшін шетелдіктерге салынатын айыппұл көлемі көп. Инвесторлар осындай шағымдарын білдіруде. Бұл жайлы Kazenergy қауымдастығы мен сыртқы істер министрлігі бірлесіп өткізген отырыста белгілі болды, деп  хабарлайды Atameken TV.

Бұл ретте энергетика министрлігі мен Kazenergy жұмыс тобын құрып, концепция дайындап жатыр. Сондай-ақ инвесторлар барлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде әлеуметтік төлемдер мен шығындардан босатылады. Бұл олардың қызығушылын арттыра түседі дейді мамандар.

"Біздің саламызда салық мәселесі аса өзекті. Біз көптеген оң өзгерістер енгіздік. Мәселен Каспий теңізінде жұмыс істейтін компаниялар пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын, үстеме және рента салықтарынан босатылды. Сондай-ақ алымдар табыс көлеміне байланысты болады. Табыс аз болса салық та аз болмақ", - дейді Kazenergy қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу