ҚР СІМ: Инвесторлар алдындағы міндеттемелер сақталады

1120

Еліміздегі жағдай тұрақталып, Қазақстандағы бизнес-ортаны бұдан әрі жақсарту бойынша жұмыс жалғасатынын ескереміз, деп хабарлады ҚР СІМ.

ҚР СІМ: Инвесторлар алдындағы міндеттемелер сақталады

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп жатқан шетелдік инвесторлар мен компанияларға үндеу жасады:

"Еліміздің аумағында еңгізілген төтенше жағадайында және ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекет тарапынан шетелдік инвестициялардың субъектілері мен шетелдік компанияларды қорғауға бағытталған бірқатар қажетті шаралары өткізіліп жатқаны туралы хабарлаймыз.

Сонымен қатар мемлекет инвесторлардың алдында жүктелген міндеттемелер сақталатыны туралы және еліміздегі жағдай тұрақталып, Қазақстандағы бизнес-ортаны бұдан әрі жақсарту бойынша жұмыс жалғасатынын ескереміз.

CІМ Инвестиция комитеті мен "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ үздіксіз мониторинг жасап, инвесторларда туындаған мәселелерін шешуге ықпал ету бойынша қызмет көрсетуде.

Өз кезегіне, егер сіз инвестицилық жобаларды іске асыру барысында қиыншылықтарға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істеп тұрған +7 7172 620 620 колл-орталыққа немесе "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ аймақтық өкілдеріне жарияланған нөмірлер бойынша хабарласа аласыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу