Инвесторлар "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына қаншалықты жиі жүгінеді?

395

Қазіргі таңда сотта 97 іс қаралып жатыр. 

Инвесторлар "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына қаншалықты жиі жүгінеді? Фото: rn.bekturov

"Астана" халықаралық қаржы орталығындағы сотта 2,5 мыңнан астам іс қаралған. Бұл туралы орталықтың басқарушысы Ренат Бектұров Сенат отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Арман Өтеғұлов "Біздің елде жұмыс атқарып жатқан инвесторлар дауларын шешу үшін Астана халықаралық қаржы орталығының сотына қаншалықты жиі жүгінеді? Ашылғанынан бері қарай қаржы орталығында осындай жағдайлар кездесті ме? Қанша іс қаралды?" деген сұрақ қойды.

Ринат Бектұровтың дерегінше, "Астана" қаржы орталығындағы сот және арбитраж орталығы жұмыс істегелі бері 2,5 мыңнан астам іс қаралған.

"Оның 97-сі сотта. Қалғаны, яғни 2400-ден артығы біздің халықаралық арбитраж орталығында қаралған. Олар 100 пайыз орындалды. Бүгінгі таңда сотымызда төрағаны қосқанда 11 судья бар. 27 мемлекет өкілі өзінің істерін сотта қараған. Онда қазақстандық компаниялардың да иелері бар, сонымен қатар шетелдік те. Бизнес болғаннан кейін даулар болып тұрады", - деді "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу