Инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздарға Euroclear жүйесі арқылы қол жеткізеді

863

Инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздарға Euroclear жүйесі арқылы қол жеткізеді

АХҚО-ның барлық бағыттарын заңмен реттеу процесі жүргізіліп жатыр және дамушы нарықтарға инвестиция салуға мүдделі халықаралық іскер топтарды тартуға қабілетті өңірлік хабты құрудың негізгі серіктестері анықталды. Бұл туралы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте айтты, деп хабарлайды  primeminister.kz.

Қор нарығының дамуына "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ ұлттық компаниялар акцияларын IPO-ға сәтті өткізу де ықпал етеді. IPO-ны тиімді өткізу тетігі әзірленуде, халықаралық ойыншыларды тарту үрдісі басталды.

Биыл 1 қаңтарда АХҚО заңды түрде іске қосылды, 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай толық жобалық қуатқа жету мақсатында қаржы орталығының құрылымдарын белсенді түрде өрістету жұмыстары басталды.

АХҚО жанынан компанияларды тіркейтін және қызметтердің кең спектрін лицензиялайтын қаржылық қызметтерді реттеу комитеті (АФСА) жұмысын бастады. АХҚО-ның коммерциялық және азаматтық дауларды қарайтын, ағылшын жалпы құқығының негізінде әрекет ететін тәуелсіз соты, сондай-ақ халықаралық арбитражды орталық құрылды.

Сонымен қатар АХҚО базасында Шанхай қор биржасы мен NASDAQ стратегиялық серіктестеріне айналған жоғары технологиялық биржа іске қосылды. Астанаға халықаралық сарапшыларды тарту жұмыстарын жеңілдету үшін бір терезе жүйесін, визаларды берудің, тіркеудің, жұмысқа рұқсаттарды алудың және басқа да рәсімдердің оңайлатылған режимін қамтамасыз ететін экспат-орталықтың жұмысы шақырылды.

Қайрат Келімбетов мемлекет басшысының АҚШ-қа жасаған ресми сапары кезінде бизнес капитандарын АХҚО алаңына шақырғанын атап өтті. АХҚО, Bloomberg және ABC TV отандық бизнес арнасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұған қоса, сапар барысында ҚР қаржы министрлігі, "Астана" халықаралық қаржы орталығының биржасы (AIX) және Euroclear банкі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстандағы халықаралық клиринг жүйесін дамытуға келісті. Меморандум нарықтық ортаны құруды қолдау мақсатында серіктестікте жұмыс істеу ниетін білдіреді, онда шетелдік инвесторларға жергілікті қазақстандық бағалы қағаздар Euroclear жүйесі арқылы қолжетімді болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу