Қазақстандық қор биржасында (KASE) Халық банктің акциялары қымбаттауын жалғастыруда деп хабарлайды LS.
15 қаңтар күнгі сауда қорытындысы бойынша акциялардың отандық алаңдардағы құны 105,13 (+5%) теңгеге жетті. Бұған дейін акциялар 100 теңге тұратын.
Сондай-ақ Қазкомның артықшылық берілген акциялары қарқынды өсе бастаған. Қазком акциялары бір күн ішінде 15%-дан астамға қыбаттап, 119 теңге болды.
Бұған қоса KASE индексіне кіретін тағы бес құнды қағаз 15 қаңтар күнгі сауданы жасыл аймақта аяқтады.
"Қазақтелеком" акциялары біршама өсуді (+4,4%) көрсеткен. Сонымен қатар KAZ Minerals (+3,1%) акциялары да қымбаттаған.
Тағы да үш құнды қағаздың бағасы өскен. Олар "ҚазМұнайГаз" барлау өндіру" (+1,1%), "ҚазТрансОйл" (+1%) және KEGOC (+0,6%) акциялары.
Тек Kcell (-1,1%) құнды қағазы арзандаған. KASE индексі 2,23%-ға қымбаттап, 2356,61 көрсеткішке жетті.