Инвесторлар Көкшетауда қуаты 180 МВт жылу электр станциясын салады

642

Инвесторлар Көкшетауда қуаты 180 МВт жылу электр станциясын салады

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин инвесторлармен бірқатар кездесу өткізді. Алдымен өңір басшысы "BI Group" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Тараптар Ақмола облысының құрылыс саласына қатысты ынтымақтастық мәселесін қозғады, нақтырақ айтқанда тұрғын үй, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары аясында салынатын жолдардың құрылысы сөз болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Сонан соң Мәлік Мырзалин "ВAKConsultingEngineers" америка-оңтүстік корея-түрік консорциумының өкілі Фахим Ел-Хоримен жүздесіп, облыс орталығында ЖЭС құрылысын салу мәселесін талқылады.

"Бүгiнгi күнi Ақмола облысының әрi қарай әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн Көкшетау қаласында ЖЭС салу мәселесi өте өзектi. Бiзде жобаның бекiтiлген техникалық экономикалық негiзi бар. Ендi қаржыландыру тетiктерiн нақтылап, энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруда тәжiрибесi бар мердiгерлердi қарастырамыз", – дейдi облыс әкімі.

"ВAKConsultingEngineers" консорциумының басшысы Фахим Ел-Хори облыс басшысына жылы қабылдауы үшiн алғыс айтып, соңғы 25 жылда энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды салып, машықтанғанын айтты.

Кездесу соңында Мәлік Мырзалин өзара ынтымақтастыққа ниет білдірген инвесторларға Ақмола өңірі қашанда ашық екенін жеткізді.

Еске сала кетейiк, бұл жобаны салуға бүгiнде бірқатар шетелдiк компания қызығушылық білдірді. Жалпы Көкшетауда қуаты 180 МВт (электрлi), және 450 Гкал/ч (жылу) жылу электр станциясын салу ескi жылу қазандықтарын ауыстыруға және тұрғындарды жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу