Инвесторлар Түркістандағы Шығыс базарының құрылысына қызығушылық танытты

1356

ABAD қоғамдық ұйымы мен Түркістан облысы әкімдігі арасында келісім жасалды.

Инвесторлар Түркістандағы Шығыс базарының құрылысына қызығушылық танытты

Түркістан облысы әкімінің Әзербайжанға сапары барысында орынбасары Мейіржан Мырзалиев Түркістан қаласындағы Шығыс базарының құрылысы бойынша әлеуетті инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Әзербайжан инвесторлары да құрылысқа қызығушылық танытты. Алдағы уақытта осы ынтымақтастықты егжей-тегжейлі талқылау және өңірде инвестициялық жобаларды іске асыруды бастау үшін жауапты сапар жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Әзербайжан Республикасының Президенті жанынан құрылған азаматтарға және әлеуметтік инновацияларға қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік агенттігі, ABAD заңды тұлғасы мен Түркістан облысы әкімдігі арасында қолөнер саласындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісімге"ABAD" ұйымының директоры Руфат Эльчиев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев қол қойды.

Құжат Әзербайжан елінің АВАD моделінің негізінде Түркістан облысында халықтық сәндік-қолданбалы өнер саласында шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту үшін ынтымақтастықты көздейді.

Түркістан облысының делегациясы Әзербайжан қолөнершілерінің бірінші республикалық фестиваліне қатысып, екі ел мәдениетінің өзара тығыз байланыста екені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу