Инвесторлар Зайсанда табиғи газ өндіруге ниетті

387

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР елінің ірі Funde Holding Group Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті.  

Инвесторлар Зайсанда табиғи газ өндіруге ниетті Фото: kt.kz

Инвесторлар Зайсан ауданында табиғи газ өндіру жобасын жүзеге асыруға қызығушылық танытты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл өңірге шамамен 2 миллиард АҚШ доллар инвестиция тартуға және жаңадан мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қытай елінің компаниясы халықаралық тәжірибеге ие және бүкіл әлем бойынша ауқымды энергетикалық бастамаларды жүзеге асырып келеді. Инвесторлар жобаны жүзеге асырмас бұрын ауданның климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларына терең талдау жасаған. Кездесу аясында ынтымақтастықтың алдын ала жоспары, сондай-ақ жобаны талқылауға бейінді басқармалар мен сарапшылардың қатысуы келісілді.

"Жобаның жүзеге асуы Зайсан ауданының тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа жұмыс орындары ашылып қана қоймай, өңірдің табиғи газ өндіру әлеуеті күшейеді", – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу