Инвесторларды негізсіз айыппұлдардан қорғау: 2024 жылы "прокурорлық сүзгі" жұмысын бастайды

428

Бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, деді Президент.

Инвесторларды негізсіз айыппұлдардан қорғау: 2024 жылы "прокурорлық сүзгі" жұмысын бастайды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы "Алтын Сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсімінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Цифрлық платформаны созбалаңға сала бермей, тез арада құру аса маңызды. Сол арқылы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу процесін нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты барлық шешімі мен шектеу шаралары бойынша "прокурорлық сүзгі" жұмыс істей бастайды. Осылайша, біз инвесторларды негізсіз айыппұлдар мен салықтардан, әділетсіз және ұзаққа созылған сот дауларынан қорғаймыз. Жалпы, бизнес үшін әділ әрі ашық ойын ережесін қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз", -  деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жасанды интеллект құру мәселесін де атап өтті.

"Елімізде жасанды интеллект жүйесін құру – өз алдына бөлек әрі өте маңызды мәселе. Қазақстанның болашағы және оның халықаралық қоғамдастықтағы орны осы жұмыстың сәтті іске асуына байланысты. Сондықтан бұл бағытқа өзім жетекшілік етемін және шетелдік, отандық мамандармен кездесемін, сондай-ақ жүктелген міндеттердің орындалуын бақылауда ұстаймын"", - деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу