Инвесторлардың 20%-ы Италия Еуропалық одақтан шығады деп қауіптенеді

994

Инвесторлардың 20%-ы Италия Еуропалық одақтан шығады деп қауіптенеді

Немістің зерттеу және консалтингтік Sentix компаниясының бағалауы бойынша, сауал жолданған инвесторлардың 20%-ға жуығы Италия алдағы 12 айда Еуропалық одақтан шығып кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Бұл туралы vestifinance.ru жазып отыр.

Sentix-тің ұсынған баяндамасында айтылғандай, инвесторлар капиталдың жылыстауы белең  алып отырған қаржы секторында жағдайдың нашарлауына, сондай-ақ  елдің конституциясына өзгеріс енгізуге қатысты алда өтетін референдумға алаңдаулы. Осы жағдайлар тұрғысынан келгенде Италияның Еуроодақтан  шығатындығына қауіптенген  инвесторлардың үлесі артып отыр.

"Инвесторларды Италия күн өткен сайын алаңдата бастады. Біріншіден, бұл алаңдаушылық Италияның сауда теңгерімін едәуір төмендетіп, бұл өз кезегінде елден капиталдың кетуіне белгі бергендей болады. Сонымен қатар Италияның банк секторының айқын әлсіздігі жалпы еуроаймақтың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Конституцияға байланысты өткізілетін референдум күні жақындап келеді, демек Италияның премьер-министрі Маттео Ренцидің саяси мансабы шешілетін сәт те таяп қалды", – деп мәлім етті Sentix.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу