"Инвитро" медициналық зертханалар желісі кибершабуылға ұшырады

948

"Инвитро" медициналық зертханалар желісі кибершабуылға ұшырады

"Инвитро" медициналық зертханалар желісі кибер шабуылдан кейін Ресейде, Қазақстан мен Беларусьте талдауға материалдарды қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Кибер шабуылдан кейін "Инвитро" инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Ресейдің, Қазақстан мен Беларусьтің медициналық кеңселерінде биоматериалдарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Жұмыстарды қалпына келтіру үшін барлығы жасалуда. Науқастардың барлық өтініштері жеке тәртіпте қаралатын болады", - деп атап өтті "Инвитродан".

Атап өтілгендей, клиенттердің дербес мәліметтері зардап шеккен жоқ. Алайда, кибер шабуыл кейбір процестерге зиянын тигізді, атап айтқанда, талдау нәтижелерін беру уақыты ұзарды.

Сейсенбі, 27 маусым күні компьютерлерді бұғаттап, ол үшін ақы сұрайтын Petya вирусының шабуылы жайлы белгілі болды. Вирус әсіресе, Ресей мен Украинада компьютерлік желілер бойынша белсенді тарала бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу