Инженерлерді даярлауға грант көбірек бөліне бастайды

1011

Үкімет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдік беделді бес университеттің филиалы ашылатынын тағы да атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Инженерлерді даярлауға грант көбірек бөліне бастайды

"Бұл жастарға үздік жоғары оқу орындарында білім алу қолжетімді болуы үшін іске асырылады", – деді Әлихан Смайылов.

Айтуына қарағанда, инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады.

"Білім беру саласы бойынша биыл мектепке дейінгі ұйымдар қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тарту үшін тиісті жағдайлар жасалатын болады", – деді Үкімет басшысы. 

Айта кетейік, жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу