Иордания Астанада өтетін cаммитке қатысады

937

Иордания Астанада өтетін cаммитке қатысады

Амманда ИЫҰ мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі, сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов Иордания Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы, құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік министрі Бишр Хасаунамен кездесіп, алғашқы қазақстандық-иордандық саяси консультацияларды өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жайы мен перспективаларды, өзекті халықаралық және өңірлік мәселелерді, сондай-ақ Таяу Шығыс өңірінің ағымдағы ахуалын талқылады. Сұхбат барысында Иордания Королі Абдалла ІІ бен Әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Иорданияның мемлекеттік министрі қазақстандық тараптың ұсынысын міндетті түрде иордан монархының назарына жеткізетініне сендіріп, Амман ресми сұрақты мұқият қарастыратынын жеткізді.

Мемлекеттік министрдің сөзіне сәйкес, Иордан тарапы Сирияда тұрақтылықты және бейбітшілікті орнату ісінде Астана процесі Сирия дағдарысын реттеуге өз үлесін қосатынына үміт артты. Иордания Қазақстанды жақын әрі дос мемлекет ретінде қарастыратынын қуаттап, екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Иордандық тарап 2017 жылы 10-11 қыркүйекте Астанада өтетін ғылым және технологиялар жөніндегі ИЫҰ бірінші саммитіне қатысатындығына сендірді. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстандағы соңғы маңызды іс-шаралар, әсіресе өткен ШЫҰ саммиті мен жуырда ашылған "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі жөнінде хабардар етті. Орайлы сәтті пайдалана отырып, ол иорданиялық тарапты көрмеге қатысуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу