Иордания аумағында АҚШ-тың 3 әскери қызметкері қаза тапты

725

Тағы 25-і жараланды.

Иордания аумағында АҚШ-тың 3 әскери қызметкері қаза тапты Фото: dvidshub.net

Сириямен шекаралас Иордания аумағында әуе соққысының салдарынан 3 америкалық әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, шабуыл Иорданияның солтүстік-шығысындағы америкалық Tower 22 мұнарасына жасалған. Ол Сирия-Иордания шекарасының бойында орналасқан және оны негізінен миссияға қатысушы әскери қызметкерлер Иордания күштеріне кеңес беру және көмек көрсету үшін пайдаланады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының жексенбі күнгі мәлімдемесінде "Иорданияның солтүстік-шығысындағы базаға біржақты ұшқышсыз ұшақпен жасалған шабуылдан 3 сарбаздың қаза тапқанын және 25-інің жараланғаны" расталды. 

Президент Джо Байден шабуылға кінәлілерді жауапқа тартуға уәде берді.

- Біз бұл шабуылға қатысты фактілерді әлі жинап жатырмыз. Дегенмен, оны Сирия мен Иракта әрекет ететін Иранның қолдауындағы радикалды содырлар жасағанын білеміз, - деді Байден.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу