Иордания королі ресми сапармен Қазақстанға келеді

807

Иордания королі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Қазақстанға Иордания королі ІІ Абдалла мен әл-Хусеин ресми сапармен келеді. Бұл туралы еліміздің Иордания Хашимит корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Азамат Бердібай айтты, деп хабарлайды 24.kz. 

Елшінің айтуынша, ІІ Абдалла мен әл-Хусеиннің Астанадағы ресми сапары екі күнге жалғасады. Оның аясында екіжақты ынтымақтастықты нығайту жайы талқыланбақ. 

Айта кетейік, келер жылы Қазақстан мен Иорданияның қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толады. Бүгінге дейін екі ел арасында сауда айналымы 264 мың долларды құраған. Дегенмен алыс-берісті арттыруға мүмкіндік мол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу