Иордания университетінде "Қазақстан бұрышы" ашылады

766

Қазақстанның Аммандағы елшісі Айдарбек Тұматов Иорданиядағы ірі жоғары оқу орны "Middle East" университетіне барды.

Иордания университетінде "Қазақстан бұрышы" ашылады

Қазақстан елшісі онда қазіргі Қазақстан дамуының негізгі кезеңдері, еліміздің халықаралық бастамалары, сондай-ақ Қазақстан-Иордания қарым-қатынастарының перспективалары туралы дәріс оқыды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ҚР-ның дипломатиялық миссиясының басшысы аталған Университеттің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Якуб Насреддинмен кездесіп, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің жолдары мен бағыттарын талқылады.

Иордания тарапы қазақстандық "Silkway" халықаралық университетімен орнатылған ынтымақтастық туралы хабардар етіп, өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге, солардың ішінде оқу бағдарламалары, оқытушылар мен студенттермен алмасу, сондай-ақ араб мамандарын даярлау және т.б. мәселелерге қызығушылық білдірді. Оған қоса, Университет басшылығы осы оқу орнының қабырғасында "Қазақстан бұрышын" ашуға дайындығын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу