iPhone 15 телефондары контрабандасының жолы кесілді

458

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. 

iPhone 15 телефондары контрабандасының жолы кесілді Фото: Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Алматы халықаралық әуежайында iPhone 15 ұялы телефондары контрабандасының жолы кесілді. Заң бұзған азаматқа 103,5 мың теңге сомасында айыппұл салынбақ. Бұл

 22 қыркүйекте "Дубай-Алматы" рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғаның декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефондарын әкелу әрекетінің жолы кесілді. Телефондардың алдын-ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн. теңгені, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн. теңгені құрайды.

Заң бұзушылықты Алматы қаласының "Жетісу" кеден бекетінің мамандары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және ҚР ҰҚК ШҚ "Алматы" шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жатады және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі бірліктен аспауы тиіс (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы).

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адам ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес 103,5 мың теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының азаматтарын Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында тыйым салынған және шектелген тауарларға, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына кедендік бақылаудың күшейгенін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу