Мұндай спутниктік байланыс iPhone пайдаланушыларына ешқандай арнайы желіге қосылмай-ақ, бір-бірімен хабар алмасуға мүмкіндік береді. Яғни сим карталардың қолданыстан шығып қалуы да ықтимал, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұл үшін Apple компаниясына арнайы жерсеріктер ұшырудың қажеті жоқ. Оның орнына жер үсті станцияларын ғана әзірлеуге болады.
Жаңа технологияны жасау үшін компания авиағарыштық саладағы инженерлерден жиналған топ құраған. Жоба әзірге бастапқы кезеңде, егер жүзеге асыру барсында шешілмейтін мәселелер туындаса тоқтатылуы да мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу