iPhone мен iPad-ты ноутбукке айналдырады

930

iPhone мен iPad-ты ноутбукке айналдырады

Apple корпорациясы екі түрлі құрал-жабдықты патенттеуге өтініш білдірді. Оның көмегімен iPhone мен iPad ноутбуктың да қызметін атқара алады. Құжат АҚШ-тың Бюро сайтында тауар белгісін патенттеу бөлімінде жарияланды. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап 7kun.kz хабарлады.

Аксессуарлардың қызметі мынадай: алғашқы жағдайда iPad экран рөлін атқарып, оған трекпадты клавиатура жалғанады.

Ал екінші аксессуар iPhone-ға арналған, оның өзіндік дисплейі бар. Клавиатура үшін iPhone қолданылады.

Құжатта көрсетілгендей, құрылғы ноутбукке қажетті видеокарта, порт сияқты басқа да құралдарға ие. Алайда жұмыс істеу үшін оған iOS-девайс қажет. iOS-девайс құрылғыны керекті процессорлық қуаттылықпен қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, 2015 жылдың соңында Apple басшысы Тим Кук iPad пен MacBook-ты біріктіру туралы иедяны сынға алған. Оның пікірінше, құрылғы тұтынушыларға ыңғайсыз болады. Сондықтан компаниялар мұндай жаңа гаджетке қызығушылық танытпады.

Сонымен қатар, компания ноутбукті алмастырғыш ретінде iPad Pro-ны да ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу