IPO қарсаңында алаяқтарға қарсы жол картасы әзірленді

797

Жыл басынан бері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне құнды қағаздар сатып алуды ұсынған алаяқтардың үстінен төрт шағым түскен.  

IPO қарсаңында алаяқтарға қарсы жол картасы әзірленді

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, алаяқтарға қарсы жол картасын әзірлеген.

Қаржы пирамидалары мен алаяқтарға қарсы күрес мақсатында жасалған жол картасы аясында ҚНРДА-ға алаяқтық туралы жеке тұлғалар тарапынан түскен әрбір шағым құқыққорғау органдары мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданып, нәтижесінде алаяқтықпен айналысатын сайттар бұғатталып отыратын болады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ IPO қарсаңында, халықты алдап, олардан қаржы талпынып жүрген алаяқтардың әрекетін тыю мақсатында "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ компаниясы StopFakeIPO сайтын ашты. Сондай-ақ "ҚазМұнайГаз", KASE және өзге де лицензиясы бар брокерлік компаниялардың сайтында алаяқтарға қатысты ескерту жарияланады. Аталған компаниялардың сайтында IPO бағдарламасының басталғаны жөнінде ақпарат жарияланған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, "Халықтық IPO" бағдарламасын өткізу бойынша жауапты бақылаушы мемлекеттік орган – ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ұлттық компанияны IPO шығаратын "Самұрық-қазына" ҰӘҚ АҚ. IPO-ны өткізуге KASE және AIX биржалары, брокерлер, Құнды қағаздардың орталық депозитарийі тартылады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында лицензиясыз қызмет ету белгісі бар 158 ұйымның атауы жарияланған.

Агенттік "инвестициялық компаниялар" ретінде өзін көрсеткен ұйымдар туралы International Organization of Securities Commissions (IOSCO)  ескерту ақпаратын және Ресей Орталық банкі жариялаған қаржы нарығында заңсыз әрекет ету белгілері анықталған компаниялардың тізімін үнемі жариялап отырады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу