IPO отандық қаржы нарығын дамытуға ықпал етеді – Әлихан Смайылов

591

KASE мен AIX алаңдарында "ҚазМұнайГаз" акцияларының сауда-саттығын ашу салтанаты өтті.  

IPO отандық қаржы нарығын дамытуға ықпал етеді – Әлихан Смайылов Фото: primeminister.kz

Оның құрметіне  Астана мен Алматыда орналасқан биржалар арасында телекөпір болды. Салтанатты шараға Премьер-министрі Әлихан Смайылов қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

"ҚазМұнайГаздың ІРО-сы Қазақстанның қор нарығы үшін ірі мәмілелердің бірі болып есептеледі. Бұл отандық қаржы нарығын дамытуға, ел азаматтарына, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" қоры мен "ҚазМұнайГаз" компаниясына да оң әсерін береді", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр IPO халықтың инвестициялау мәдениетін көтеріп, қаржылай сауатын арттыруға ықпал етеді.

"ҚазМұнайГаз" бұдан былай Қазақстанның биржалық инвестицияның зәкірлік эмитенті болатынын ескере отырып, біз халықаралық инвесторлардың тарапынан да айтарлықтай қызығушылық болады деп күтеміз. Компанияның  ашықтығы артады, халықтың инвестиция мәдениеті мен сауаттылығы да артып келеді", - деді Үкімет басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу