Ипотека алушылар бастапқы жарнаға жылжымайтын мүлік қоя алады

1032

Ипотека алушылар  бастапқы жарнаға жылжымайтын мүлік қоя алады

Қазақстандық ипотекалық компания бастапқы жарнаға жылжымайтын мүлікті қою арқылы жеңілдетілген ипотека алу шартын жеңілдетті. Бұл туралы abctv.kz-ке "Қазақстандық ипотекалық компания" (ҚИК) АҚ-тың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстандық ипотекалық компанияның бастамасымен "Нұрлы Жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілді. 3 қарашадан бастап жеңілдетілген ипотеканы алушылар 30 пайыздық бастапқы жарнаға тек ақша ғана емес, сонымен қатар қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлікті қоя алады. Сондай-ақ құрылыс салушыға алдын ала төлем жасағанда да дәл осындай жарнаны ұсынуға болады, тек мұны расттайтын құжат болса болғаны. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу