Ипотека нарығы бір жылда 16 миллиард теңгеге төмендеп кеткен

1060

Ипотека нарығы бір жылда 16 миллиард теңгеге төмендеп кеткен

Қазақстан азааматтарына берілген ипотекалық кредиттер көлемі бір жыл ішінде 16 миллиард теңгеден астамға азайды және қыркүйек айының аяғында 885 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы   ranking.kz-ке  сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

Нарықтағы белсенділіктің бәсеңдеуі өткен жылы байқалған, ол кезде ипотекалық кредит қоржыны іс жүзінде өзгермеген болатын. Бірақ та осы жылы нарықтағы қозғалыс оларды азайтуға бет бұрудан басталды. Іс жүзінде нарықтағы жалғыз белсенді қатысушы ағымдағы жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі болды. Нарықтың 34%-ы  — бұл ТҚЖБ берген тұрғын үйлік қарыздар.

ТҚЖБ ипотекасына сұраныс қарыз алушылар үшін  осындай кредит беру құнының төмендігімен түсіндіріледі. Қазір ҚР ипотекалық қарыздарды 34 банктің 18-і ұсынады (74 ұсыныс). Бір жыл бұрын тұрғын үй сатып алуға кредиттерді 23 банк ұсынған.  ТҚЖБ ипотека бойынша ең төменгі ипотекалық мөлшерлеме —  4%, 7,2% және 7,9%, екінші орында АТФ — 7,5%, үштікті БЦК тұйықтайды —  8,1%.

Қазіргі сәтте ТҚЖБ-да 730 мың қолданыстағы депозиттер бар, ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында тұрғын үй жинақ жүйесіне 187 мың жаңа қатысушы енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу