Ипотекаға баспана алған азаматтар жаңа мүмкіндікке ие болды. Енді, борышкерлер 3 ай ішінде өзінің үйін нарықтық бағада сатып, банк алдындағы қарызын өтей алады, деп хабарлайды Atameken Business.
Алматы қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев: "жаңа талаптар кепілге салынған жылжымайтын мүлік иелерінің мүддесін қорғауға бағытталған",- дейді.
Бұдан былай, заңдағы өзгерістерге сай, азаматқа 3 ай мерзім ішінде меншігіндегі дүниені өз бетінше сатуына мүмкіндік беріліп отыр. Бағаны өзі қойған қарыз адам, осылайша, банк алдындағы берешегінен құтылады. Пәтерін сату уақытын кредиттік ұйыммен жасалған келісім аясында ұзартуына болады.