Ипотекаға алынған үйді сатуға бола ма?

​Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев ипотекалық қарызы бар үйді сатудың екі жолы бар екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ипотекаға алынған үйді сатуға бола ма? Фото: canva.com

Біріншісі, қолма-қол ақшаға сату. Алдымен сатып алушыдан ақшаны алып, үйді кепілден шығарып, кейін сатып алушының атына аудару.

Екіншісі, ипотекалық қарыз қай банкте сол банк ішінде ипотекаға сату.

"Банкке барып кепілде тұрған үйді сол банк ұсынған ипотекалық бағдарлама арқылы сатқалы жатқандығыңыз жайлы хабарлайсыз. Сатып алушы үйдің оценкасып жасап, банкке тиісті құжаттарды тапсырады. Банк өз тарапынан сіздің қарызыңызбен сатып алушы алып жатқан сома айырмасын сіздің шотыңызға аударады. Ал пәтер болса сатып алушы атына өтетін болады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу