Қазақстан ипотекаға қолжетімділік рейтингісінде нешінші орында?

1088

Сауд Арабиясы, АҚШ және Пуэрто-Рикода ипотека алу жеңіл.

Қазақстан ипотекаға қолжетімділік рейтингісінде нешінші орында?

Numbeo сарапшыларының дерегінше, әлемдік ипотекаға қолжетімділік рейтингісінде Қазақстан 111 елдің арасында 71-орында, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елде ипотекаға қолжетімділік индексі – 0,7%, ал орташа ипотекалық қарыз орташа нетто-табыстан 143,52%-на тең.

Рейтингте үздік үшттікке Сауд Арабиясы (1-орын, индекс – 5,1), АҚШ (2-орын, индекс – 3,4), Пуэрто-Рико (3-орын, индекс – 3,1) енді. Тізімнің соңында Гана (111-орын, индекс – 0,04), Аргентина (110-орын, индекс – 0,09)  және Иран (109-орын, индекс – 0,13) тұр. 

Рейтингте ТМД-ға мүше және ұйымға бұрын мүше болған мемлекеттерге тоқсалсақ, Молдованың көрсеткіші Қазақстанға қарағанда жоғары (65-орын, индекс – 0,79), ал қалған елдердің индексі елімізден төмен. Мысалы, Өзбекстан тізімде 104-орында тұр, ипотекаға қолжетімділік индексі – 0,28. 

Жалпы Қазақстанда қарапайым тұрғындар үшін коммерциялық ипотеканы алу өзекті мәселенің бірі.

Елде мұндай қызметті 10 банк көрсетеді. Алайда сегменттегі орташа сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) – 17,07%. Тіпті мұндай өнімдер үшін ең төменгі СЖТМ 12%-дан асады. Ал ең жоғары СЖТМ – 26,5%. 

Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардан басқа екінші деңгейлі банктерде ипотекалық қарызды ең ұзақ дегенде 60 айдан 240 айға дейін береді.

Сонымен қатар Қазақстанда бұл жағымсыз жағдайды түбегейлі өзгертетін мемлекеттік бағдарламалар мен даму институттары да жұмыс істейді. Мұндағы негізгі бағдарлама – "Нұрлы жер", оның операторы – Отбасы банкі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу