Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

1194

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айттты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Данияр Ақышев 2018 жылғы наурыздан бастап бағдарлама шеңберінде банктердің жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (бір АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгемен қайта қаржыландыруды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті.

"Бүгінгі күні банктер 40,1 млрд теңге сомаға 5 131 өтінімді қайта қаржыландыруға мақұлдады, 27,7 млрд теңге сомаға 3 845 қарыз қайта қаржыландырылды. Валюталық ипотекалық қарыз алушыларды бағдарламамен барынша қамту мақсатында валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылғы 15 шілдеге дейін ұзартылды", - деп хабарлады Ұлттық банк басшысы.

"Бағдарламаға енгізілген түзетулерді ескере отырып қарыз алушылар кредитор банкке 2019 жылғы 1 шілдеден кешіктірмейтін мерзімде қайта қаржыландыруға өтініш беруі қажет", - деп атап өтті Ақышев.

Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық банктің қаражатынан банктерге қайтарымды негізде 156 млрд теңге бөлінеді.

"Мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде банктер қарыз алушылардың сыйақы, комиссиялар және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) бойынша 136 млрд теңгеден астам сомаға берешегін кешіретін болады", - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу