Ағымдағы жылдың сәуір айында ипотека нарығының қысқаруы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды, сектор көлемінің 12 пайызын жоғалтты, деп хабарлайды ranking.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.
Сарапшылардың айтуынша, ипотекалық нарықтың бұлайша құлдырауы бес жыл бұрын 2012 жылдың сәуір айында несие көлемі 15%-ға қысқарған тұста болған.
Ипотекалық қарыз қоржынының қысқаруы 2017 жылдың сәуір айында 119,4 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәуір айында ҚР екінші деңгейлі банктерінің ипотекалық қоржыны 0,1%-ға, немесе 0,6 млрд теңгеге қысқарған. 2017 жылдың алғашқы үш айында ҚР ЕДБ ипотекалық қоржыны 1,5% (15,1 млрд теңге) артып, триллионға жете бере тоқтады - 998,4 млрд теңге. Бұл кезде тұрғын үй жинағы жүйесіндегі оператор айқындамасы нығайды - ТҮЖБ ипотекалық қоржыны 2017 жылдың сәуір айында 2,3% (8,0 млрд теңге), 353,5 млрд теңгеге дейін артып, ҚР ЕДБ ипотекалық қарыздарындағы ТҮЖБ үлесі 34,6%-дан 40,2%-ға өсті.
2017 жылдың сәуір айында ипотекалық несие қоржынының қысқаруы Қазақстанның барлық аймақтарында тіркелді. Ипотекалық қарыз көлемінің қысқаруы әсіресе Қарағанды облысында көрініс тапты - 20,8% (11,2 млрд теңге), 43,6 млрд теңгеге дейін түсті.
Субсидияландыру тек ЕДБ-ден сыйақы мөлшерлемесі бойынша, ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5% артық аспайтын тұрғын үй ипотекалық қарыздарына ғана беріледі.