Ипотекалық несие бойынша 6,5 мың адам банкроттық рәсімдей алады

Егер несие сомасы кепілге қойылған пәтер құнының 10%-дан аз үлесін құраса, кепілді басқа мүлікке ауыстыруға болады. 

Ипотекалық несие бойынша 6,5 мың адам банкроттық рәсімдей алады Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта қарыз алушылардың жалпы саны шамамен 449 мың адамды құрайды. Халыққа мерзімі өткен несиелерді өтеуге мүмкіндік беру үшін сотқа дейінгі реттеу рәсімі бар. Ол 2021 жылы қабылданып, өткен жылы қолданысқа енгізілген. Осы рәсім шеңберінде несие төлеу мерзімі өткен 30 күн ішінде қарыз алушы қаржы ұйымына, банкке жүгінеді және банк 15 күн ішінде қарыз алушының қарызды қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстарын қарауға тиіс", – деді спикер.

Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, егер несие сомасы кепілге қойылған пәтер құнының 10%-дан аз үлесін құраса, кепілді басқа мүлікке ауыстыруға болады.

"Бұл заңнамаға былтыр енгізілді. Басқа объект, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мысалы, машина болуы мүмкін", – деді реттеуші өкілі.

Спикердің айтуынша, өткен жылы ипотекалық қарыз алушылардың құқықтары заңмен күшейтілген.

"Біріншіден, егер сотқа дейінгі тәртіп жүргізілмесе, қарыз алушы Қаржы нарығын реттеу агенттігіне жүгінуге құқылы және біз банктің қарыз алушының әлеуметтік және қаржылық жағдайына қаншалықты сапалы талдау жүргізгенін, қайта құрылымдау тетіктерін ұсынғанын қосымша қарастырамыз. Екіншіден, егер өтелмеген несиенің құны кепілдің 15%-нан азын құраса, мұндай берешек заңнамалық тұрғыдан мардымсыз деп танылады. Бұл жағдайда банк тұрғын үйді сата алмайды. Үшіншісі, қарыз алушыға өз бетінше сату құқығы беріледі, ал сату құны кепілдің нарықтық құнының 70%-нан кем болмауы керек. Бұдан әрі сот арқылы іске асыру рәсімі басталады, оның шеңберінде банк кепілге қойылған тұрғын үйді тек сот арқылы сатуға құқылы", – деді спикер.

Сонымен қатар спикер әлеуметтік осал топтағы қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Мәселен, 2015 жылдан бастап ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

"Бұл бағдарлама аясында 9,5 мыңға жуық азаматтың борыштық жүктемесі толығымен немесе ішінара азайтылды. Былтыр аталған бағдарламаны осы жылдың шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы 976 мыңға жуық ипотекалық қарыз алушыларға қосымша қаржылық қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз", - деді спикер.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу