Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға өтінімдер қабылданды

725

Ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға өтінімдер қабылданды

ҚР банктері ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға келіп түскен өтінімдер  бойынша  141 миллиард теңге сомасында 23 028 өтінім бойынша қайта қаржыландыру туралы оң шешім қабылдады. abctv.kz.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қарашасында бекітілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасына  қатысуға 29 216 өтінім келіп түскен. Олардың ішінде 23028 өтінім қабылданып, 141 млрд теңге сомасына көмек көрсетілетін болды.

Ақпаратқа сәйкес 2026 жылға дейін қайта қаржыландыруға 40 мыңға дейін өтінім қабылданбақ. Осылайша бағдарлама аясы кеңеймек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу