Ипотекалық несиелеу 1,5 трлн теңгеге жетті

1313

Ипотека рекордтық көрсеткішке жетті. 

Ипотекалық несиелеу 1,5 трлн теңгеге жетті

2019 жылдың 6 айындағы көрсеткіш бойынша бұл мақсатта екінші деңгейлі банктен алынған қаржы 1,5 трлге теңгені құраған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 30%-ға жоғары, деп хабарлайды Atameken Business.

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтырғы маусым айындағы ипотека үшін берілген несие 1,14 трлн теңге болған. Содан бері салада құлдырау тіркелген жоқ. Тіпті соңғы бір айдың өзінде өсім 4,5%-ға теңескен.

Сараптамаға қарағанда, ипотекалық несиелеу негізінее 2 бағытта жүргізіліп жатыр. Біріншісі – мемлекет есебінен жеңілдікпен берілетін, яғни әлеуметтік санаттағы болса, екіншісі – жеке жинақтық. Мұнда енді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы 4 бағдарламмен несие берілуде. Дегенмен, коммерциялық ипотека да бар. Бірақ оның өсімі айтарылықтай жоғары емес. Қазақстандықтарға бұл бағытта екінші деңгейлі 7 банк қызмет көрсетеді.

Қазір ел ішінде баспана алып-сату бағасы да 24,4%-ға өскені байқалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу