Ипотеканы көп алатын өңірлер анықталды

497

Қазақстандағы ипотекалық несиелеу көлемі бес жыл ішінде үш еседен астам өсті.

Ипотеканы көп алатын өңірлер анықталды Фото: inbusiness.kz

Осы жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елдің банк секторының ипотекалық портфелі 4,8 трлн теңгеге жетті. Бұл жыл басынан қарағанда 4,1%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 2018 жылдан бастап ипотекалық қарыз көлемінің артуы байқалып отыр. Мәселен, бес жыл ішінде банк секторының ипотекалық портфелі 3,3 есе, ал онжылдықта 5,8 есе өсті.

Жалпы республиканың несие нарығында ипотеканың рөлі артуда. Егер бес жыл бұрын нарықтағы ипотека үлесі 8,9% болса, қазір ол 34,2%-ды құрап отыр. 

Қазақстан бойынша ипотекалық қарыздардың ең көп көлемі Астанаға тиесілі: 1,4 трлн теңге. Үздік үштік қатарында Алматы қаласы (1,1 трлн теңге) мен Қарағанды облысы (307,7 млрд теңге) бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу