IQala-да көрсетілетін қызметтер саны көбейді

629

Жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу және қайта ресімдеу енді iQala-да қолжетімді.  

IQala-да көрсетілетін қызметтер саны көбейді

IQala-да көрсетілетін қызметтер тізімі "Қазақтелеком" АҚ-ның тағы бір жаңа қызметімен толықтырылды. Енді елорда тұрғындары орталықтың фронт-кеңсесінде, қашықтықтан www.iqala.kz порталында жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтерін қосу және қайта ресімдеу қызметін пайдалана алады. 

"IQala елорда тұрғындарының өмірін жеңілдету және қажетті қызметтерді бір жерде немесе электронды форматта алуға мүмкіндік беру үшін құрылған болатын. Сондықтан қала тұрғындарының өтініші бойынша орталықтың порталына жеке тұлғалар үшін "Қазақтелеком" АҚ қызметтерін қостық. Осылайша елорда тұрғындарында жылу, жарық, су, қоқыс шығару және интернет, телефония, теледидар және басқа да телекоммуникация қызметтері сияқты барлық қажетті тұтынушылық қызметтерге шарттар жасасу мүмкіндігі бар. Қазір iQala порталында 132 қалалық қызмет көрсетіледі. Жыл соңына дейін бұл тізімді 151-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді iQala қалалық қызметтер орталығының басшысы Руслан Жұмаділов.

IQala қызметтері жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу