iQala.kz порталында кезекті қашықтықтан брондау бөлімі пайда болады

1356

 iQala орталығында "ЕРЦ", "Астана-РЭК", "Астана ЭнергоСбытовая Компания", "Астана Су Арнасы", "Астана-Теплотранзит", Clean City және т.б. қызметтер қолжетімді.

iQala.kz порталында кезекті қашықтықтан брондау бөлімі пайда болады Фото: elorda.info

іQala қалалық қызмет көрсету орталығында кезекті қашықтықтан брондауға болады, деп хабарлайды elorda.info.

Енді www.iqala.kz порталында "кезекті брондау" бөлімі пайда болады, онда ЖСН немесе ұялы телефон нөмірі арқылы iQala орталығына бару үшін ыңғайлы уақытты таңдауға болады.

Сонымен қатар, бір клиент бір күнде түрлі мәселелер бойынша бірден үш кезекті алуына болады. Ары қарай бронда көрсетілген уақытта iQala қалалық қызмет көрсету орталығына барып, талон алу қажет. Орталық операторы сізге қызмет көрсетуге әрдайым дайын. 

Алайда, клиент орталық операторына көрсетілген уақытта жүгінбеген болса, оның кезегі автоматты түрде жойылады.

Бұл www.iqala.kz порталы мен iQala орталығы елорданың коммуналдық және муниципалдық кәсіпорындары, мемлекеттік қалалық ұйымдар мен құрылымдар, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттары қызметтерін көрсетеді. IQala қалалық қызмет көрсету орталығы осы жылдың маусым айынан бастап жұмыс істейді. Орталық жұмысының арқасында бүгінде 46 қызмет түрі автоматтандырылды, 300 қызмет онлайн режимде көрсетіледі. Олардың басым бөлігі алғаш рет цифрландырылып отыр және бұрын электронды форматта ешқашан қызмет көрсетпеген.

Естеріңізге сала кетейік, iQala орталығында "ЕРЦ", "Астана-РЭК", "Астана ЭнергоСбытовая Компания", "Астана Су Арнасы", "Астана-Теплотранзит", Clean City және т.б. қызметтер қолжетімді.

iQala-ның мақсаты – қаланың барлық қызмет түрін бір жерге біріктіру және оларды қолжетімді ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу