"ИрАэро" әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бағыт ашады

908

Азаматтық авиация комитеті "ИрАэро" авиакомпаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді.

"ИрАэро" әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бағыт ашады

"ИрАэро" әуе компаниясы Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Азаматтық авиация комитеті "ИрАэро" авиакомпаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді.

Енді көктемгі-жазғы навигация кезеңінде "ИрАэро":  Жуковский - Қарағанды ​​- Жуковский (аптасына 7 рет), Жуковский - Көкшетау - Жуковский, (аптасына 2 рет), Жуковский - Петропавл - Жуковский (аптасына 2 рет) бағыттары бойынша тұрақты әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр.

Ұшулар RRJ (Sukhoi SuperJet-100) әуе кемелерінің типінде орындалады.

Айта кетсек, Қазақстанның барлық халықаралық рейстерінің 1/3 бөлігі Ресеймен байланысты.
Сондықтан еліміздің аймақтарын мен Ресей Федерациясымен әуе қатынасы арқылы байланыстыру жұмысы жалғаса береді.

"ИрАэро" авиакомпаниясы 1999 жылы құрылған. Ұзақ уақыт бойы Қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарының әуе тасымалында қызмет көрсетті. 2006 жылдан бастап "ИрАэро" жолаушылар тасымалымен айналысады, қазіргі уақытта аймақтағы ең ірі тасымалдаушы саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу