Ирак әскери базасында жарылыс болды

321

Сенбіге қараған түні Бағдадтың оңтүстігіндегі Вавилон провинциясындағы Ирактың халықты мобилизациялау күштеріне қарасты әскери базада үлкен жарылыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ирак әскери базасында жарылыс болды Фото: report.az

Жарылыс Бағдадтан оңтүстікке қарай 50 шақырымдай жерде, Бабиль провинциясындағы Искандария қаласына жақын жерде орналасқан Калсо әскери базасындағы оқ-дәрі қоймасында болғаны хабарланды.

Халықты мобилизациялау күштерінің бір жауынгері қаза тауып, алтауы жараланды, деп хабарлады Reuters жергілікті ауруханаға сілтеме жасап.

"ХМК таратқан қысқа мәлімдемеде "Бабиль провинциясының солтүстігіндегі тас жол бойында орналасқан әл-Машру ауданындағы Калсу әскери базасындағы Халықтық мобилизациялау күштерінің штаб-пәтерінде жарылыс болды", - делінген.

Халықтық мобилизациялау күштері Ирак қауіпсіздік күштерінің бір бөлігі және Иран тарапынан қолдау көрсетілетін ресми әскерилендірілген ұйым.

Ол ДАИШ-пен күресу кезінде қарулы жасақ тобы ретінде пайда болды.

Әзірге әуе шабуылына кімнің жауапты екені белгісіз.

Ирак астанасы маңындағы жарылыстар Израильдің Иранның орталығындағы Исфахандағы әскери базаға жасаған соққысынан бір күн өткен соң болды.

АҚШ-тың ресми өкілі АҚШ тарапынан Иракқа әскери әрекет жасалмағанын айтты.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәлімдемесінде:

"АҚШ бүгін Иракқа қарсы әуе шабуылдарын жасаған жоқ", - делінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу