Арнайы операция 26 мамырдан басталады. Үкімет жасағының мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде шаһар батысының үштен екі бөлігі лаңкестерден азат етілген.
Соңғы 3 айда билік әскері 1300 содырдың көзін жойды. Дегенмен, қаладағы ахуал әлі де ауыр. Жергілікті тұрғындар ауыз су мен азық-түлікке мұқтаж.
Айта кетейік, Ирак әскері мен АҚШ басқаратын коалиция Мосул қаласын азат ету операциясын бастағалы жарты жылдай уақыт өтті. Бүгінде шаһардың шығыс аудандары түгелдей биліктің бақылауына өткен. Енді батыс аудандар үшін шайқас жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу