Ирак әскерінің құрылымдары Мосулға басып кірді. Бұл туралы оқиға орнынан британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының тілшісі хабарлады, деп жазды "Интерфакс-Казахстан". Оның мәліметтері бойынша, "ДАИШ" содырлары жойқын қарсылық танытуда. Бұдан бұрын АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның қарауындағы ұшақтар Мосул маңында ДАИШ лаңкестерінің атқылауына тап болған еді. Атап айтқанда, әуе соққылары Годжали ауданында, қаланың шығысындағы нысандарға жасалған. Қазанда Ирак үкіметі 2014 жылдан бері ДАИШ-тың бақылауында отырған Мосул қаласына шабуылды бастайтындығын мәлімдеген. Операцияны АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның жетекшілігімен ирак армиясы, күрд жасақтарының отрядтары жүргізіп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу