Ирак Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге қатысқы келеді

1060

Ирак Астанадағы Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге қатысқы келеді

Ирак 21-22 желтоқсанда Астанада өтетін Сирия мәселесі бойынша келіссөздерге қатысқы келеді. Бұл туралы Ирактың Ресейдегі елшісі Хайдар Мансур Хади Авис айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Біз Ирак жақын арада Астанада өтетін келіссөздерге қатысуы керек деп есептейміз, себебі біздің пікіріміз Сирия үшін өте маңызды болмақ", - дейді дипломат Федерация кеңесінің халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Константин Косачевпен кездесуінде.
"Сирия мен Ирактың халқы бауырлас, біздің қарым-қатынасымыз тарихи жақсы дамыған", - деді елші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу