Ирак Беларусь пен Польша шекарасындағы азаматтарын қайтарады

911

18 қарашада арнайы рейс жүзеге асырылады.

Ирак Беларусь пен Польша шекарасындағы азаматтарын қайтарады Фото: reuters.com

Ирак Польша мен Беларусь шекарасында қалып қойған азаматтарын елге қайтарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz INA сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші рейс 18 қарашада жүзе асырылады. Iraqi Airways әуе компаниясы тамыз айында заңсыз мигранттар жағдайына байланысты Минскіге бағытталған рейстерді тоқтатты. Бірақ содан кейін компания өз азаматтарын қайтару үшін Беларусьқа ұшуға рұқсат алды. 

Жұма күні елдің Сыртқы істер министрлігі Беларусь пен Польша шекарасында қалып қойған және елге оралғаысы келетін Ирак азаматтарының тізімін жасайтындарын мәлімдеді.

Беларусь пен Еуропалық Одақ елдерінің шекарасындағы көші-қон дағдарысы Президент Александр Лукашенко босқындар мен есірткі трафигін бақылауды қысқартамын деп айтқаннан кейін басталды. Бұл мәлімдемені ол Минск пен батыс елдері арасындағы кезекті шиеленіс кезінде жасаған болатын.

Эстония, Франция, Ирландия, Норвегия, Албания, Ұлыбритания, АҚШ мемлекеттерінің пікірінше, Беларусь елі Польшамен шекарасындағы көші-қон дағдарысын ұйымдастырып, көршілес елдердегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін мигранттарды пайдаланып отыр. Олар Минскіден Еуропалық Одаққа қысым көрсетуді дереу тоқтатуды талап етіп, халықаралық қауымдастықты Беларусьтің әрекетіне жауап беруді ұсынды. Сонымен қатар ЕО мен АҚШ Ұлыбританиямен бірлесе Минскіге қарсы санкциялар енгізу жағын талқылауға дайын екендігін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу