Ирак билігі тұңғыш рет ел тұрғындарын түгендемек

Санақ цифрлық технологиямен жүзеге асырылады.  

Ирак билігі тұңғыш рет ел тұрғындарын түгендемек Фото: TravelAsk

Бұл – Ирак тарихындағы алғашқы санақ, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Елдегі халық санағының өтпеуіне әртүрлі оқиға себеп болған. Мысалы, халықтың шырқын бұзған қақтығыстар, саяси алауыздықтар, шерулер мен пандемия. Ел билігі осы науқанның жоғары деңгейде өтетініне сеніп отыр. Санақ қорытындысының алдын ала нәтижесі 24 сағат ішінде жарияланады. Ал нақты қорытындысы 2-3 айдан кейін ғана белгілі болады. 

Ирактағы жалпыұлттық халық санағы дәл бүгін басталды. Санақ 27 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жергілікті билік мемлекеттің барлық өңірін қамтитын санақтың цифрлық технология әдісімен жүзеге асатынын айтады. 

Ирак жоспарлау министрлігінің есебінше, 2024 жылдың соңына дейін мемлекеттегі халық саны 43 миллионнан асуы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу