Ирак 30 қарашада Венада өтетін кездесуде МЭЕҰ елдерін мұнай өндіруді тәулігіне 900 мың баррельге қысқартуға шақырмақшы, деп хабарлайды елдің премьер-министрі Хайдер аль-Абадидің сөзіне сілтеме жасаған "Интерфакс-АНИ".
Қыркүйекте МЭЕҰ мемлекеттері мұнай өндірудің жиынтық көлемін тәулігіне 700-800 баррельге дейін азайтуға келіскен, алайда Иран мен Ирак ерекше жағдайларға байланысты келісімге қатыспау жөнінде талап қойып отыр. Иран құлдырап кеткен өндірісті халықаралық санкциялар алынған соң қалпына келтіруге тырысып жатқан болса, ал Ирак билігіне ДАИШ лаңкестерімен күресуге қаражат қажет.
Ирак пен Иранның өндіруді қысқарту туралы келісімге қатысу мәселесі 30 қарашада Венада өтетін ресми отырысқа дейін қалдырылған еді.