Ирак өз азаматтарына доллармен сауда жасауға тыйым салды

438

Бұл туралы "Арабтардың дауысы" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ирак өз азаматтарына доллармен сауда жасауға тыйым салды Фото: ИноСми

Ирактың ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы өз күштерін Бағдадтағы және басқа қалалардағы базарлар мен бизнес орталықтарға бағыттап, саудагерлер мен кәсіпкерлерден тауарларды тек динарда сату міндеттемесіне қол қоюды талап етті. 

Ирак, басқа да бірқатар араб елдері сияқты, долларға тәуелділікті төмендетуге тырысып бағуда. Мысалы, Бағдад, Каир мен Эр-Рияд Қытаймен саудада юаньды көбірек пайдаланады.

Алайда мақала авторлары Америка Құрама Штаттарына мұндай өзгерістер ұнай қоймайтынын айтып, жаңа шабуылдар болуы мүмкін екенін жоққа шығармады. 

"Енді америкалықтар қайтадан Иракта жаппай қырып-жою қаруын іздей бастайды", - деп жазады "Араб дауыстары" авторлары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу