Ирак шетелдік әскерді елден шығаруды қолға алды

825

Билік америкалықтардың шабуылын айыптап отыр.  

Ирак шетелдік әскерді елден шығаруды қолға алды

Ел билігі америкалық әскерилерді кері қайтару әрекетін бастады. Бұл туралы Ирактың қарулы күштері бас қолбасшысының өкілі мәлім етті.

Оның айтуынша, алдағы уақытта халықаралық коалиция тек кеңес беру және әскерилерді жаттықтыру сияқты әрекеттерді жасай алады. Ол сондай-ақ америкалық жасаған соңғы шабуылды қатаң сынға алып, соққыны ақымақтыққа жатқызды. Енді халықаралық коалициясының жер мен әуедегі күштерінің қозғаласына шектеу қойылып, ел аумағында жүруге мүлдем тыйым салынбақ.

Ресми Тегеранның мұндай шешім қабылдауына Вашингтонның өз операциялары жайында Ирактың қарулы күштерін ескертпеуі себеп болып отыр.

2019 жылдың 29 желтоқсанында АҚШ Ирак пен Сирияда "Катаиб Хезболла" тобының нысандарына шабуыл жасаған болатын. Пентагонның мәлімдеуінше, Киркук маңындағы Ирак базасына осы топ соққы жасап, салдарынан бір америкалық азамат қаза тауып, төрт америкалық әскери жарақат алған. Осыдан кейін Құрама Штаттар осындай қадамға барған көрінеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу